«Атырау облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК облысымызда 1974 жылдан бермен қарай  балаларға қол жетімді мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектер көрсетіп келе жатырған жалғыз көпсалалы медициналық  мекеме болып табылады.

Ағымдағы жылдың 26-қаңтар күні ауруханағамызға түскен 15 жастағы науқас айтуы бойынша ешқандай жарақат болмаған, бірақ соңғы 3 аптада қатты бас ауруы, құсу жағдайлары орын алған. Аудандық ауруханаға қаралып сәйкесінше ем алып бастаған, алайда соңғы 3 күнде балада көз қылилығы және жоғарыдағы шағымдардың ушығуы басталған.

Участкелік дәрігермен облыстық балалар ауруханасына КТ тексеріске жолданды. Нейрохирургпен қаралғанда, сол жақ бас миының созылмалы массивті субдуральды гигрома суреті байқалған. Науқас жағдайының ауырлығына байланысты, жарақат бөлімшесіне жатқызылған. Анамнезінде қосымша ретінде науқастың бокс үйірмесіне баратыны және спаррингтерге әрдайым қатысқаны айтылды.

Науқасқа 26 — қаңтар  күні Атырау облыстық балалар ауруханасының білікті нейрохирург дәрігері Арипов Шодёр Рахимұлы оперативті көмек көрсетіп,  01.31 коды бойынша (ми қабығын жарып кесу) ота жасады.

Көрсетілген шұғыл көмек нәтижесінде науқас жағдайы жақсарды. Жарақаттан сақтану, тіке күн сәулесіне қорғану және спорттық үйірмеге баруды азайту нұсқаулығымен аурухадан шығарылып, өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша бақылауына алынды. Көрсетілген емнің жалпы құны: 1 190 239,36 теңгені құрады. МӘМС жүйесінің арқасында бұл ота сәбиге тегін жүргізілді.

Жыл басынан бері Атырау облыстық балалар ауруханасында МӘМС жүйесі бойынша барлығы – 337 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 115 ота, шұғыл түрде – 222 оталар жүргізілді.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406