Индер ауданындағы Елтай ауылының тұрғыны жүргізуші болып еңбек етіп жүрген 63 жасар Болат Құлбарақов соңғы бір жыл бойына қан қысымы  150/80 — ге дейін көтеріліп жүрсе де әр түрлі сылтаулармен дәрігерге көрінбей, қан қысымына қарсы дәрі қабылдамай уақыт созып жүре береді. Соның салдарынан ағымдағы жылдың 23 қаңтары күні түнгі сағат 02:45 шамасында Болат жүрегі айнып, бірнеше рет құсып, қатты басы ауырып, жүре алмай қалады. Отбасы мүшелері жедел медициналық жәрдем көмегін шақыртқан кезде, қан қысымы 180/100 болған, сол жерде алғашқы көмек көрсетіліп, шұғыл Индер аудандық орталық ауруханасына жатқызылады. Индер аудандық орталық ауруханасында науқасқа «Мидың торлы қабығы астына қан құйылу» (Субарахноидальное кровоизлияние) диагнозы қойылады.

Науқасты ары қарай емдеу үшін Атырау облыстық ауруханасына жолданған. Облыстық аурухана дәрігерлері Мидың аневризмі. М2 сегментіндегі оң жақ СМА аневризмі. 23.06.21. мидың торлы қабығы астына қан құйылуы салларынан III дәрежелі Артериалды гипертензия диагнозы қойылды.

Одан соң облыстық ауруханасының дәрігері Мұрат Қайралиевтың жетекшілігімен науқастың келісімін алып оған жоғары технологиялық күрделі (эндоваскулярная эмболизации аневризмы средней мозговой артерии  справа микроспиралями с баллонассистенции) отасын жасайды. Бұл жоғары технологиялық ота қатарына жатқызылатындықтан оның өзіндік құны 4 752 754,14 теңгені құрайды.  МӘМС жүйесінің арқасында бұндай қымбат тұратын күрделі ота науқасқа тегін жасалынды. Қазіргі күні жағдайының жақсаруына байланысты науқас ауруханадан шығарылған.

Жыл басынан бері Атырау облыстық ауруханасында барлығы – 2806 оталар жасалынған.  МӘМС жүйесі бойынша барлығы – 2385 ота, ТМККК бойынша — 421 оталар жасалынған.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406