Ауру айтып келмейді деген Құлсары қаласының тұрғыны Жания Төлеушқызы Есенаманованың аяқ астынан денсаулығы сыр беріп, дәрігерлердің көмегіне жүгінуіне тура келеді. Жания үй шаруасындағы әйел болғандықтан заң бойынша дербес төлеуші санатына жататын еді. Сол себептен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемін дербес төлеуші ретінде төлеп (ай сайын – 2125 тг) «сақтандырылған» мәртебесіне қол жеткізеді.
Одан соң Жылыой аудандық ауруханасының акушер – гинеколог дәрігері М. Алдабергеновке қаралып, 2021 жылдың қаңтар айында облыс орталығында орналасқан «AB medical» клиникасына емдеуге жатқызу бюросы (портал) арқылы жолдама алады. «AB medical» клиникасында Ж. Есенамановнаға жатыр ішілік лейомиома (интрамуральная лейомиома матки) диагнозымен тегін ота жасалынады. Емделуден кейін науқасқа оңалтудан ем алу ұсынылды. Қазіргі күні Жанияның жағдайы жақсы.
МӘМС жүйесі аясында мүмкін болған бұл хирургиялық араласудың құны 1,8 млн. теңгені құрайды. «Еліміз бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арнайы жеке кәсіпкер болып тіркелмей ақ та дербес төлеуші ретінде медициналық қорға әр айға 1 ЕТЖ 5 пайызын (2125 теңге) төлеу арқылы «сақтандырылған» тұлға болып МӘМС аясында медициналық қызметтерді тегін алуға құқылы» — деп тоқталды КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің жетекшісі А. Кәрімжанов.
Жыл басынан бері Жылыой аудандық ауруханасында барлығы – 180 оталар жасалынған, оның ішінде МӘМС жүйесі бойынша – 173 ота, ал ТМККК аясында – 7 ота жасалынған.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1406