Құрметті денсаулық сақтау саласының ардагерлері!

Қадірлі ақ халатты абзал жандар!

  Қай адам болмасын жанына дауа, дертіне шипа іздеген кезде дәрігердің көмегіне жүгінетіні ақиқат. Ал, бүгін – жаны қиналғанда жанашыр болатын жандардың ерен еңбегінің бағаланатын күні. Адам емдегенде жүрегімен сезіне білетін денсаулық сақтау саласының барша қызметкерлері мен барлық дәрігер атаулының дүйім жұрттың алдында қажырлы қызметі үшін шексіз ризашылық айтып, құрметтелетін сәті деп айтуға болады. Бұл тынымсыз еңбектің артында адам жанын арашалауға жұмсалған қаншама ұйқысыз түндер, аса ауыр, әрі жауапкершілігі жоғары тынымсыз тірлік жатыр десеңізші.

Алғыс арқалаған дәрігерлерге құрмет көрсетіп, еңбегіне қарай лайықты марапаттау тек осынау кәсіби мерекемен ғана шектелмеуі тиіс. Өйткені, денсаулық сақшылары тәулікпен тыныстап, жылдың 365 күнінде де дамыл таппай, адам өмірі үшін күресуге дайын тұрады, Гиппократ антына сай адал қызмет етуді биік мұрат тұтады. Дәрігерлер – өлім мен өмір жолында арпалысқан шайқаста екінші мәрте жарық сәуле сыйлайтын жандар.

Қазақта «дәрігер дәрімен емес, мейіріммен емдейді» деген қанатты сөз бар. Ендеше, мейірімді жандар, сала ардагерлер төл мерекелеріңіз құтты болсын! Өмірлеріңізге тек қуанышты да шуақты күндер, әр бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін. Сіздердің жақсылық жолында сенімдеріңіз артып, кәсіби парыз бен сүйікті мамандықтарыңыз үшін сәулелі сенімдеріңіз әрдайым алға жетелеп, тура жолға бағыттасын. Бұл мамандық кез келген қоғам үшін ең елеулі өте керекті, аса маңызды, халық саулығы жолында қызмет ететін ең игі мамандық.

Жақсылық нұрын төгіп, өмірдің кейбір көлеңке тұсы қатар жүретін кезде мойымай еңбек етіп, көмек қолын аянбай созғандарыңыз үшін алғысым шексіз. Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын. Алдағы күнге толағай табыс тілеймін. Мереке құтты болсын!

Құрметпен – Атырау облыстық денсаулық

сақтау басқармасының басшысы: Мәншүк АЙМУРЗИЕВА