Атырау облыстық кардиологиялық орталығы облыс тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар көрші облыстан келген науқастарға да мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық көмектер көрсететін көп салалы емдеу мекемесі болып табылады. Емдеу мекемесінің негізгі жұмыс профилі – кардиология, кардиохирургия, тамыр хирургиясы, интервенциялық кардиоангиология және аритмология.

Жоғары технологиялық медициналық көмек қымбат тұрады және де жоғары деңгейдегі біліктілікпен бейінді дәрігерлермен мамандандырылған медициналық ұйымдарда көрсетіледі. «Атырау облыстық кардиологиялық орталығында» 2022 жылдың қаңтарынан бастап 71 жоғары технологиялық медициналық оталар жасалған.

«Егер адам ауырып қалса, оған инновациялық технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеу қажет, онда тұратын жеріне қарамастан, ол жоспарлы медициналық көмекке сене алады, басты шарт – МӘМС сақтандырылу мәртебесі. Егер пациентке қажетті рәсім жергілікті деңгейде қол жетімді болмаса, оны облыстық немесе республикалық клиникаға жібереді. Хирургия қажет пе, жоқ па деген қорытындыны ЖТМК осы түрін жүргізетін клиниканың дәрігері шығарады. Егер хирургиялық араласу қажеттілігі расталса, онда пациентті жоспарлы ем алуға дайындайды. Бұл үшін қажетті талдауларды жинауды және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына қоюды емхана жүргізеді», – деп түсіндірді Атырау облысы бойынша филиал директоры Байтолла Ғазизов.

Бұл алгоритм қала тұрғындарына да, ауыл тұрғындарына да қатысты. Айта кету керек, әрбір пациент ЖТМК алғысы келетін ұйымды таңдауға құқылы.

1958 жылы туылған науқас 2022 жылдың қазан айында Атырау облыстық кардиология орталығының кардиология бөлімшесіне «ишемиялық кардиомиопатия диагнозымен» жеткізіліп, науқаста леспе түрде көптеген асқынулармен инсулинге тәуелді қант диабеті сырқаты да бар екендігі анықталды. Сол себептен науқасқа шұғыл түрде жоғары технологиялық көмекке жататын күрделі автоматты кардиовертерді имплантациялау отасы жасалды. Аталған ЖТМК науқасқа МӘМС жүйесі арқылы тегін жасалды. Отаның жалпы құны 7 258 168, 52 теңгені құрайды.

2022 жылдың басынан бері Атырау облыстық кариологиялық орталығында МӘМС аясында – 699 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 115 оталар, шұғыл түрде – 584 оталар. ТМККК бойынша – 101 оталар жасалған, оның ішінде жоспарлы түрде – 41, шұғыл түрде 60 ота жасалған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406