Атырау облыстық кардиологиялық орталығы облыс тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар көрші облыстан келген науқастарға да мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық көмектер көрсететін көп салалы емдеу мекемесі болып табылады. Емдеу мекемесінің негізгі жұмыс профилі – кардиология, кардиохирургия, тамыр хирургиясы, интервенциялық кардиоангиология және аритмология.

1941 жылы туылған науқас 20.08.2022 жылы жүрек тұсының қатты қысып және күйдіріп ауырсынуына байланысты жедел түрде Атырау облыстық кардиология орталығына «жедел коронарлы синдром» диагнозымен жеткізіліп, жіті коронарангиография (КАГ) зерттеуін жасауға операция бөлімшесіне алынды. КАГ корытындысы бойынша: сол жақ тәж артериясы бағанының 95%, алдыңғы қарынша аралық тармағының ұшынан 100%, қаптал тармақтары 70-75% тарылуы, оң жақ тәж артериясының төмеңгі 3/1 бөлігінде 50-60% тарылуы анықталды. Науқас жансақтау бөлімшесіне жайғастырылды. Сол күні түнде ангинозды ауырсынудың кайта басталуына байланысты, жедел жүрек тобы құрылып, науқасты жедел түрде өмірлік көрсеткіштері бойынша ота жасау ұйғарылды, науқасқа және туыстарына отаның қаупі мен болуы мүмкін асқынулары түсіндірілді, келісім алынып: ортаңғы стернотомия-жасанды қан айналым аппаратымен тәж артерияларының үшеуіне аутовенозды аортакоронарлы шунттау отасы жасалды. Отадан кейін науқас кардиореанимация бөлімшесінде 4-5 күн болып, бөлімшеге ауыстырылды. Бөлімшеде толық емін алып 14 тәуікте үйіне шығарылды, кеңестер берілді.

2022 жылдың басынан бері Атырау облыстық кариологиялық орталығында МӘМС аясында – 699 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 115 оталар, шұғыл түрде – 584 оталар. ТМККК бойынша – 101 оталар жасалған, оның ішінде жоспарлы түрде – 41, шұғыл түрде 60 ота жасалған.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406