FlyArystan әуекомпаниясы жаңа бағыттарға – Нұр-Сұлтаннан Ақтөбе мен Оралға билеттерді сатып алуды ұсынады. Билеттер FlyArystan мобилдік қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді:

  • Нұр-Сұлтан-Орал 11 500* теңгеден бастап, ал кері бағытта 12 000* теңгеден бастап   (23 мамырдан дүйсенбі және сенбі күндері)
  • Нұр-Сұлтан-Ақтөбе 8000* теңгеден бастап және кері бағытта 8500* теңгеден бастап (2 маусымнан бейсенбі және жексенбі күндері).
             «Елордаға орындалатын тікелей рейстер басқа өңір тұрғындардың арасында жоғары сұранысқа ие. Жаңа бағыттар Орал мен Ақтөбе тұрғындарды жіберген көптеген сұрау нәтижесінде болып отырғанын ата кеткен жөн. Нұр-Сұлтан лоукостердің ұшақтары орналасқан бес хабтың бірі және бюджеттік тасымалдаушы бас қаладан 9 бағыт бойынша, соның ішінде халықаралық рейстерді орындайды. Бұдан былай батыс Қазақстан өңірінің саяхатшылары діттеген жеріне  қауіпсіз Airbus A320 ұшағында қолжетімді бағаға жете алады. Осылайша, аймақ түрғындары Нұр-Сұлтанға іс-сапармен ғана емес, сонымен қатар астананың тұрғындары Ақтөбе мен Оралдағы тұған-туыстарына жиі барып келе алатын болады», – деп жаңалықтармен FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Мадина Бужинова бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда бюджеттік әуекомпанияның бағдарлар желісіне Нұр-Сұлтаннан Ақтау, Атырау, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Шымкент, Семей мен Түркістанға орындалытын тұрақты рейстер кіреді. Онымен қоса  Кутаисиге тікелей, ал Ыстамбұлға түйіспелі рейстер ұсынылады.

*Билет құны сапар мен салмағы 5 кг-нан аспайтын (мөлшері 56*23*36 см) бір дана қолжүк пен кездейсоқ орынды қамтиды.

FlyArystan – Қазақстандағы алғашқы бюджеттік лоукостері, алғаш рейсті  2019 жылдың мамыр айында орындаған. Қазіргі таңда FlyArystan әуе флоты Airbus A320 10 ұшақтарынан тұрады. Олар күнделікті 60 жуық рейстерді Қазақстан бойынша мен шетелге орындайды. FlyArystan – Air Astana  құрамындағы еншілес бөлімі.

FlyArystan баспасөз қызметіpr@flyarystan.com