«Ауруды ерте кезеңде анықтау – оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС бойынша жүргізіледі.» – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы скринингтердің қалай жүргізілетінін және олардан кім өтуі керектігін айтып берді.

Скринингтік зерттеулер дегеніміз не?

Скринингтер қоғамдық денсаулықты сақтауға бағытталған. Оларды өту әр азаматтың  міндеті. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің скринингтен өтуі үшін барлық жағдайды жасауға, оның ішінде адам асықпай тексерілуден  өтуі үшін жұмыстан босатуға міндетті. Скринингтен өту үшін пациенттің МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болуы қажет.

Скринингтерді тексерулерде қарастырылған белгілі бір жас тобына кіретіндер өтеді. Мысалы, жатыр мойны обырын скринингтен 30-70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет өтеді. Егер осы жылы науқас скринингтен өту үшін тізімге енгізілсе, учаскелік медбике оны скринингке шақырады және тексеруге қалай дайындалу керектігін айтады.

Скринингтер түрлері:

Мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға бағытталған.

Мақсатты топ: 30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Тексеру артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, онкопатологияны ерте анықтауға жүргізіледі. Өту мерзімі: 4 жылда 1 рет.

 

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық аурулары мен қант диабетін ерте анықтауға арналған.

Нысаналы топ: артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен  және қант диабетімен динамикалық  бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер. Өту мерзімі: 2 жылда 1 рет

 

Глаукоманы ерте анықтауға арналған:

Мақсатты топ: глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер. Өту мерзімі: 2 жылда 1 рет

 

Жатыр мойыны обырын ерте анықтауға арналған.

Мақсатты топ: жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер. Өту мерзімі: 4 жылда 1 рет

 

Сүт безі обырын ерте анықтауға арналған.

Мақсатты топ: сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдер. Өту мерзімі: 2 жылда 1 рет

 

Колоректальды обырлы ерте анықтауға арналған.

Нысаналы топ: тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда  тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер. Өту мерзімі: 2 жылда 1 рет

 

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға арналған.

 

Зерттеудің бұл түрі келесі тәуекел топтары арасында жүргізіледі:

  1. Медицина қызметкерлері:

– Қанды қайта өңдеуге қатысатын инвазивтік емшаралар жүргізетін; гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары;

– хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазиялық әдістерін жүргізетін; – клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар;

  1. Жоспарлы және шұғыл операцияларға түсетін тұлғалар;
  2. Гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
  3. Гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау мен ауыстырып салуды алатын пациенттер
  4. Жүкті әйелдер
  5. Өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтарындағы адамдар.

Скринингтерді тіркелген жері бойынша емханалар жүргізеді. Ауылдық жерлерде тұратын пациенттер үшін олардың медициналық ұйымдарынан басқа (медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, амбулаториялар, емханалар және аудандық ауруханалар) жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездар скринингтер жүргізеді.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406