FlyArystan бағдарлар желісінде жаңа халықаралық рейс. 21 маусымнан бастап Airbus A320 ұшағы Түркістаннан көрші Ташкентке өз сапарын бастайды. Қазақстанның рухани астанасынан көрші ел астанасына бір бағыттағы билет құны 9999 теңгеден басталады. Дүйсенбі және бейсенбі күндеріне тұрақты рейстерге билеттер FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com ресми сайтында қолжетімді.

Көршілес мемелекет астанасына тек оңтүстік өңірлердің тұрғындары емес, сонымен қатар FlyArystan ұсынатын аялдамалы рейстер арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары Ташкентке қолжетімді әрі жайлы саяхаттай алады.

«Орта Азия бойынша туристік сапарды Түркістаннан бастау – тамаша ой. Қожа Ахмет Яссауидің, Арыстан Бабтың қасиетті жерлерін аралап, «Керуен Сарай» жаңа кешеніндегі көшелерімен серуендеп, түрлі шоулардан әсер ала отырып, сіз өзіңіздің шығыс сапарыңызды «Өзбекстан қақпасы» арқылы Ташкент қаласына жалғастырып, дәмді палау, самса және жергілікті жаңа піскен жемістердің дәмін тата аласыз. Біз Түркістанда өз үлесімізді біртіндеп арттырып жатырмыз, қазір одан да үлкен бағыттарға – Ыстамбұлға, Бішкекке (31 мамырдан бастап), Алматыға және Нұр-Сұлтанға төмен бағамен ұшу жоспарлануда», – деді Жанар Жайлауова, FlyArystan компаниясының коммерциялық директоры.

Естеріңізге сала кетейік, 2 жыл жұмыс барысында алғашқы қазақстандық лоукост әуекомпаниясы әуе паркін 2-ден 10 лайнерге дейін көбейтіп, 3 миллион жолаушы тасымалдады. Осы жылдың наурыз айынан бастап FlyArystan бағдарлар желісінде 5 халықаралық бағыт пайда болды – Ыстамбұл, Кутаиси, Бішкек, Шарджа және Ташкент.

 

FlyArystan – бұл алғашқы рейсі 2019 жылдың мамырында жүзеге асырылған Қазақстандағы алғашқы арзан бағада қызмет атқаратын әуе компания. Бүгінгі таңда FlyArystan флотында 10 Airbus A320 ұшағы бар, олар күн сайын бүкіл Қазақстан бойынша және шетелдерге 70 рейсті орындайды.

 

Полезная информация:

Что такое лоукостер?

Как найти дешевые билеты?

Как не опоздать на рейс FlyArystan

 

 

Пресс-служба FlyArystan pr@flyarystan.com