Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты Атырау облысындағы аудандық ауруханалар да МӘМС жүйесінде жұмыс істей бастады. Солардың қатарында Атырау облысының Жылыой аудандық орталық ауруханасы да бар.

«Жылыой аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Үкібаев Нұрбек Алексеевич:

«Жаңа жүйенің енгізілуі медициналық көмектердің саны мен сапасының артуына оң әсер етіп отыр. Ағымдағы 2020 жылдың басынан бері аудандық орталық ауруханада  351 млн. 296 мың теңге сомасы көлеміне 227 мыңнан аса медициналық қызмет түрлері көрсетілген. Аурухана жоспарлы және шұғыл түрде келіп түскен науқастарды қабылдайды. Жоспарлы түрде келіп түскен науқастардың барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен сақтандырылған» – деп атап өтті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша медициналық қызметтердің негізгі көлеміне 2021 жылға шамамен 1,5 трлн теңге сатып алуды жариялады, бұл сома орташа есеппен 20% артады.

«Ауыл тұрғындары да жаңа жүйенің арқасында сапалы медициналық көмекке қол жеткізіп отыр. Мысалға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мемлекетпен төленетін 15 категорияға жататын азаматтарға КТ, МРТ, бағасы қымбат тұратын анализдерге түсу, өте қымбат тұратын жоғары технологиялық медициналық қызметтер түрлеріне жататын ота түрлерін Қазақстанның кез-келген қалаларынан  жасату тегін жүзеге асырылып отыр» – деді Нұрбек Алексеевич.

МӘМС жүйесі бойынша сақтандырылған науқастар да ҚР-ның кез-келген медициналық ұйымында емделуге жолдама ала алады. Жылыой ауданы тұрғындары да  МӘМС жүйесінің арқасында «сақтандырылған» статусын алып, қымбат тұратын медициналық қызметтер түрлерінмен тегін емделіп шыққан науқастар саны артуда.

Мысалға, Жылыой ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Серік Халықбергенұлы Мухаев пандемия мезгілінде мекемесі уақытша жабылып, денсаулығы сыр бергесін аудандық орталық ауруханасына келеді.  Аурухананың тіркеу бөлімінен өзінің «сақтандырылмағандығын» анықтап, жауапты маманнан кеңестер алу арқылы ұялы телефонындағы Каспий қосымшасы  арқылы ай сайынғы жарналарын төлеп, Qoldau 24/7 қосымшасына жеке кәсіпкер жөніндегі ақпаратты енгізу арқылы қымбат анализдерден тегін өтіп, ота жасатып шықты. Қазіргі таңда азамат қымбат ем домдарын кезең кезеңімен қабылдап жүр. Серік Халықбергенұлы МӘМС жүйесі арқылы «сақтандырылып», бағасы қымбат ем домдарын уақыты тегін алға болатындығына түсіндірме жұмысын жүргізген ауданлық орталық аурухананың медициналық қызметкерлеріне және де жаңа жүйеге айтар алғысы шексіз.

Әрбір медициналық сақтандырылған азамат төленген жарна мөлшеріне қарамастан МӘМС арқылы медициналық қызметтердің барлық пакетіне, оның ішінде құны қымбат тұратын жоғары технологиялық медициналық қызметтерге де қол жеткізе алады. Ауыл тұрғындары МӘМС бойынша толық ақпараттарды тұрғылықты тіркелген емханадан, Қордың немесе медицина мекемелерінің сайтынан қарай алады. Сондай-ақ, қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда Медициналық сақтандыру қорының 1406 байланыс орталығына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына хабарласуға болады. Қосымша арқылы тәулік бойы медициналық сақтандыруға және пациенттердің құқықтары бойынша сауалдар қабылданады, өңделіп, тіркеу номері беріледі, уақытылы қаралады. Қажет болған жағдайда сараптамалық бағалауға жіберіледі. Содан соң өтініш иесіне қосымша аккаунтында жауап берілетіндігін қатерлеріңізге береміз.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406