Бүгін FlyArystan-ның әуефлоты жетінші Airbus A320 ұшағымен толықты. Бұрынғы әуелайнерлер секілді жаңа ұшақ эконом-класты 180 орындықтармен жабдықталған. Осының арқасында отандық лоукостер өзінің ұшу мүмкіндіктерін арттырып, әуекомпания сапарларын аймақтық бекеттен, яғни Атырау қаласынан ішкі және халықаралық бағыттар бойынша орындамақ.

«Әуепарктің кеңеюі арқасында қолжетімді билеттер саны тағы да жартымиллионға артпақ», – деп айтты FlyArystan-ның коммерциялық директоры Жанар Жайлауова. «Бұған қоса билеттеріміздің 50% жуығы 10 мың теңгегеге дейінгі бағаға сатылғанын атап кеткен жөн, қазіргі таңда олар flyarystan.com сайтында және мобильдік қосымшада қолжетімді. Ал мұндағы арзан билетті алу мүмкіндігі баршаға бірдей, ең бастысы – оларды алдын ала брондау керек».

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың шілде айында Атырау халықаралық әуежайы, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан кейінгі аймақтық бекеті атанды. Үш айдың ішінде лоукосердің бір ұшағы 80 мыңнан астам саяхатшыны тасымалдап, мұнайлы өңірді еліміздің 8 қаласымен байланыстырып үлгерген. Әуелайнерлер саны артуымен жолаушылар да саны артатыны сөзсіз.

«Жақында FlyArystan рейстерді уақытылы орындау көрсеткіштерімен бөлісе бастады. Осылайша қыркүйекте орындалған сапарлардың 92% дәл уақытында ұшырылған екен. Жаңа борттың келуімен бұл сандар тек жоғары болмақ деген нық сенімдеміз. Біз жолаушыларымызға тек арзан бағалар ғана емес, сонымен қатар жағымды әсерлерді де сыйлауға қуаныштымыз», – деп пікірін білдірді компания директоры.

 

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы  – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана»  әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, “The Best Deal of the Year” номинациясын иемденді. Ал 23-ші «Крылья России 2019» атты әуе сылығында қазақстандық лоукостер «ТМД-ғы жыл оқиғасы» атауның жеңімпазы атанды.

 

Пайдалы ақпарат:

Лоукостер дегеніміз не және оның бағасы неліктен қолжетімді?

Арзан билетті қалай табуға болады?

FlyArystan рейсіне қалай кешікпей келуге болады?

 

       

 

 

 

FlyArystan баспасөз қызметі  pr@flyarystan.com

Фото: Максим Морозов