FlyArystan Нұр-Сұлтан-Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағытында 6999 теңгеден бастап қатынайтын болады. Тікелей рейстер үстіміздегі жылдың 26 қазанынан бастап орындалады, билеттер flyarystan.com сайтында сатылымға түсті.

Жаңа рейс аптасына 3 рет – дүйсенбі, сәрсенбі мен жұма күндері жайлы Airbus A320 ұшақтарымен орындалады. Сапар ұзақтығы бір жарым сағат болмақ. Қазіргі таңда лоукостердің барлық бағыттарына билет сатылымы 2021 жылдың 27 наурызына дейін қолжетімді, оның ішінде Қызылордадан Нұр-Сұлтан мен Атырау бағыттарына да.

 

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы  – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана»  әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, “The Best Deal of the Year” номинациясын иемденді. Ал 23-ші «Крылья России 2019» атты әуе сылығында қазақстандық лоукостер «ТМД-ғы жыл оқиғасы» атауның жеңімпазы атанды.

 

Пайдалы ақпарат:

Лоукостер дегеніміз не және оның бағасы неліктен қолжетімді?

Арзан билетті қалай табуға болады?

FlyArystan рейсіне қалай кешікпей келуге болады?

 

 

 FlyArystan баспасөз қызметі  pr@flyarystan.com