Еліміздің бюджеттік әуекомпаниясы ішкі әуетасымал нарығын дамытып, бүкіл Қазақстанның аймақтарын байланыстыру арқылы өзінің бағдарлар кестесін кеңейтуде. Олардың көбісі бұрын-соңды болмаған рейстер. Енді бұл қалалар тұрғындары жер үсті көліктерімен қатар, қолжетімді бағаға 180-орынды эконом класстағы Airbus A320 ұшақтарымен жайлы сапарларын орындай алатын болады. Егер бұрындары аймақтар өзара Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалалары арқылы әуеқатынас орнатса, 28 тамыздан бастап келсі бағыттар бойынша тікелей рейстер ұсынылады:

  1. Қарағанды-Шымкент- Қарағанды,
  2. Қарағанды -Атырау- Қарағанды,
  3. Қарағанды -Ақтау- Қарағанды,
  4. Атырау-Қостанай-Атырау,
  5. Атырау-Қызылорда-Атырау
  6. Шымкент- Қостанай -Шымкент,
  7. Шымкент-Өскемен-Шымкент және
  8. Шымкент-Павлодар-Шымкент.

 

Атырау, Шымкент пен Қарағандыдан жаңа аймақтық бағыттардың ашылуына байланысты, FlyArystan 2020 жылдың 28 тамызынан бастап орындалатын рейстерге 20% жеңілдік ұсынады.

Сатылым кезеңі – 5-7 тамыз аралығы, билеттерді flyarystan.com, мобильді қосымшада немесе туристтік агенттіктерде алуға болады.

 

Алғашқы отандық лоукостердің бағалары келесі бағыттарға одан да арзан болмақ:

4999 3999 теңгеден бастап:

Атырау- Ақтау -Атырау (жеңілдіктер 20 тамыздан қолжетімді)

Атырау-Орал-Атырау

Атырау-Ақтөбе-Атырау (жеңілдіктер 20 тамыздан қолжетімді)

 

6999 5999 теңгеден бастап:

Қарағанды -Шымкент- Қарағанды

Атырау- Қостанай -Атырау

Атырау-Кызылорда-Атырау

 

7999 6999 теңгеден бастап:

Шымкент- Қостанай -Шымкент

Шымкент-Павлодар-Шымкент

Шымкент- Өскемен -Шымкент

 

11999  8999 теңгеден бастап:

Қарағанды -Атырау- Қарағанды

Қарағанды – Ақтау – Қарағанды (жеңілдіктер 20 тамыздан қолжетімді)

 

*Аталмыш бағаға билеттер науқан кезінде ғана қолжетімді. Науқан билеттерінің саны шектеулі. Біржақты билет құны кездейсоқ орын мен 5 кг (56*36*23 см) қолжүгін қамтиды. Жолаушы қажетіне қарай жолжүк, тағам мен қалаған орынды таңдау қызметтері бөлек сатып ала алады. Науқан туралы бірінші болып білгіңіз келсе, мобильді қосымшаны жүктеп алуға кеңес береміз.

Операциялық жұмыс басынан бюджеттік компания 1 миллион 300 мың жолаушыны тасып үлгерді. Естеріңізге сала кетсек, FlyArystan әуелайнерлері Алматы мен Нұр-Сұлтан бекеттерінен орындап жүрсе, биыл жазда оларға Атырау, Шымкент пен Қарағанды әуеайлақтары да қосылған болатын.

 

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы  – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана»  әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, “The Best Deal of the Year” номинациясын иемденді. Ал 23-ші «Крылья России 2019» атты әуе сылығында қазақстандық луокостер «ТМД-ғы жыл оқиғасы» атауның жеңімпазы атанды.

 

Instagram: https://www.instagram.com/flyarystan/

Facebook: https://www.facebook.com/FlyArystan/

YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCCNKeiGTetmdaNUDw7coeQQ

Vkontakte: https://vk.com/flyarystan_official

Telegram: @FlyArystan_official

 

Пайдалы ақпарат:

Лоукостер дегеніміз не және оның бағасы неліктен қолжетімді? https://youtu.be/xy8MlP-pnMg

Арзан билетті қалай табуға болады? https://youtu.be/CsnygBFLTmM

FlyArystan рейсіне қалай кешікпей келуге болады? https://youtu.be/v_FGOQxn_MY

 

 

FlyArystan баспасөз қызметі  pr@flyarystan.com,

фото авторы: Максим Морозов