4 ақпан – Дүниежүзілік онкологиялық ауруларға қарсы күрес күні. Бұл күнді атап өтудегі мақсат – жұртшылық назарын ғаламдық проблемаға аудару болатын. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мәліметі бойынша, қазір онкологиялық диспансерде 180 мыңнан астам адам тіркелген. Қатерлі ісік ауруынан пайда болатын өлім көрсеткіші 100 мың адам  76,0 құрады (14 060 жағдай), ал ауру көрсеткіші 100 мың адамға 196,4 құрады (36 345 жағдай).

Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің мәліметіне сәйкес 2019 жылдың аяғында  тіркеуде тұрған барлық обыр дертіне шалдыққандар саны – 4122 адамға жеткен, оның ішінде алғашқы анықталғандары – 1000 адам. 2019 жыл ішінде қатерлі ісік ауруларынан облыс бойынша 396  адам көз жұмған. Бүгінгі күні Атырау облысында бірінші өкпе қатерлі ісігі тұр, оның 131 адамы алғаш анықталғандар.

Алайда, ерте сатысында анықталған  көптеген ісіктерді емдеуге болады. Бүгінгі таңда қатерлі ісік ауруының ерте диагностикасы жақсарғаны қуантады. Жалпы құрылымда жаңа жағдайлардың 0 – I кезеңінде 26,8% анықталды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру аясында жылына бір рет әр сақтанушыға тегін тексеруден және кәсіби тексеруден өтуге шақырады.

«Қазіргі уақытта әзірге тек онкологиялық аурулардың алдын алуға немесе дертті алғашқы кезеңдерінде ғана анықтауға болады. Қатерлі ісіктің пайда болуларының бастапқы кезеңдерінде алдын алу үшін профилактикалық тексерулер мен скринингтер, сонымен бірге емханаларда уақытылы қаралулар өткізу қажет, себебі олар тұрғындардың белгілі бір категориялары үшін тегін жүргізіледі» – деді  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры Сәбит Құралбек.

Қазір елімізде ақысыз түрдегі скринингтің үш түрі бар:

– 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер сүт безі обыры қаупі жоғары топқа жатады. Сондықтан олар маммографиялық тексеруден тегін өтеді;

– 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер жатыр мойны қатерлі ісігіне тегін тексеріледі;

– 50 мен 70 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де тоқ ішек пен тік ішек обырына тегін тексеріледі. Скринингті тіркелген поликникада өткізуге болады.

Қазақстанда онкологиялық аурулардың ең көп кездесетін түрлері: сүт безі, өкпе обыры, колоректальды обыр, жатыр мойны және асқазан обыры.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.