Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 246,9 млрд теңгені құрады.

Оның 237,7 млрд теңгесі (96,3 %) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 9,2 млрд теңге (3,8 % жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жоғарыда аталған мерзім ішінде медицналық сақтандыру қорына Атырау облысы бойынша түскен жарнаның жалпы сомасы 15,7 млрд теңгені құрап отыр. Оның 15,4 млрд теңгесі (96,4%) жұмыс берушілер аударымдары болса, қалған 306 млн теңгесі (2,8%) жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталып 2020 жылы МӘМС пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.