«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 761 млрд теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді.

2019 жылы Медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 938,9 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 14 пайызға артық.

«Атырау облысында Медициналық сақтандыру қоры филиалымен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 2019 жылы 26 қарашасындағы мәліметтер бойынша 22 млрд 347 млн. теңге төленіп отыр. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 83% пайызы», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры Б.Ғазизов.

«Биылғы жылы Атырау облысында мемлекеттік тапсырысты орындауға 63 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 30 жекеменшік клиника да бар» – деді Б.Ғазизов.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыстелефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғайбайланыснөмірі – 1406.