САМАТБЕК БӨКЕБАЙ – халықаралық сәулет академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрметті сәулетшісі, профессор. Атырау қаласындағы «Исатай-Махамбет» ескерткіштер кешенінің сәулеткері. АҚШ-тың Техас Штатының, Евразиялық Мемлекеттер Одағының Құрметті азаматы. Махамбет Өтемісұлы атындағы Республикалық сыйлықтың иегері.

 

 «ИСАТАЙ-МАХАМБЕТ» СӘУЛЕТ-МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ: ҚАЙТА ҚҰРУ

Жоба

Мемориалдық кешен (қайта жаңартылуда).

Алаң ортасында декоративті қабырғалары уықпен безендірілген төрт сәндік қабырғалар шағын дөңгелек алаңды құрайды, оның орталығы көпбұрышты бассейнінен тұратын сәулет-мүсін композициясы – субұрқағымен толықтырылған. Оның басты көлемі элементі – постаменттердегі 7 домбыра бейнесі.

Бассейн қызыл түсті гранитті плиткамен өңделген.

Домбыра элементі қоладан жасалған алтын түсті оюмен өрнектелген.

Домбыра тұрған Постамент ұлттық ою-өрнегімен ақ гранитпен жасалған.

Орталық композицияға бағытталған қабырғаның ішкі жағынан орындықтар орналасқан.

Қабырғаның бетінде орындықтар жағынан жасалған ою-өрнек бейнеленген.

Жоспарда сәулеттік композиция көп жұлдызды. Бұл сәулеттік композиция ашылған гүлге және сонымен бірге Шығыс өрнегі ең үлкен, шеткі жапырақтары сары гүлдерге толы гүлзарлар. Осы гүлзардың ернеулері ақ граниттен қапталған.

Сәулет композициясының орталық бөлігі – тегістелген гранитпен қапталған бедерлі элементтер. Қасбеттен осы сәулеттік композицияның жалпы көлемі көп сатылы биікке өрлегендей көрінеді.

Бассейндердің ішінде түсті-дыбыстық субұрқаққа арналған форсункалар орнатылған.

Субұрқақ пен бір үлкен шаршы бассейн, бір бассейннің габариттері, орындықтар мен көлеңкелі модульдар қарастырылған.

Бұл нысан ағаш орындықтармен және «кереге» түріндегі тормен қосылған бірқатар шаршы бағаналардан тұрады. Бағана негізгі қызыл гранитпен өңделген. Колоннаның жоғарғы жағында дөңгелек шам орналасқан.

Төрт жағында – орындықтары бар шаршы көгалдар. Төрт сәндік көлеңкелі қалқа. Жоспарда төрт қалқа әртүрлі композициялық схемаларға (үш модульден) модуль бірдей шаршы жерден жиналған.

Қосымша қалқа, сондай-ақ алтын түсті «кереге» түріндегі болат тормен ұсталды. Бағандар мен шаршы модуль ақ мәрмәрмен өңделген. Жасыл желектер.

 

 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде  аталып өтті. 200 жылдық мерейтойы құрметіне салынған

Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет сәулет-мемориалдық кешеніне қазір қайта құру жобасымен жұмыстар жүргізілуде.

Қаланың орталық алаңының ең үлкен өзгерістері – ол алаңды түгелімен гранит тастармен төсеу.

Тастар ұлттық оюлармен, бірнеше түсті тастармен өрнектеледі.

Халықтың өте көп серуендеуі, демалыс орны ретінде көп отырғыш орындары қарастырылған.

Жаз кездерінде күннің ыстық болуына байланысты микроклимат жасау ретінде үлкен субұрқақтар қарастырылған.